Przegląd prasy | Dla nauczycieli | Dla młodzieży | Przyroda | Video-fizyka | Fizyka współczesna | Projekt FCHGo | Innowacyjna fizyka | Projekt E4 |
Physics in Kazakh
Zh.Ye. Akimkhanova , К.М. Turekhanova , K. Fedus, G. P. Karwasz, Teaching Physics using modern technologies: computer-controlled experiments, Journal fo Educational Science (AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY), No. 62, p. 129 (2020), link
Әкімханова Ж.Е.1, Туреханова К.М.2 , Фэдус К.3, Карваш Г.П.3 1PhD студенті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. 2физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. 3профессор, Николай Коперник Университеті, Польша, Торунь қ. e-mail: akimkhanovazh@gmail.com
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ: КОМПЬЮТЕРМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Аннотация. Физиканы оқыту – қызықта, күрделі, әрдайым ізденуді талап ететін сала. Қазіргі ақпараттық технологияның өршіп тұрған заманында бұл аса қиындық туғызбасы анық, сонымен қатар бүгінгі таңның оқушыларын таңдандыру өте қиынға соғады. Ақпараттық заманда ақпараттың көптігі мида ресурстардың аз уақыт сақталынып қалуына және таңданыс туғызбауға алып келеді. Сондықтан да, оқытушыларға қойылатын негізгі талаптың бірі – әр сабақта оқыту барысында жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу. Ақпарттық технологиялар пәндік ақпараттық орталықтары мен олардың мазмұндық және дидактикалық компоненттерін модельдеу, жобалау және талдау кезінде қолданылады. Олар ақпаратқа деген сыни көзқарас, рефлексия, өздігінше шешім қабылдауға қабілеттілік пен жауапкершілік, төзімділік пен шығармашылық, қарым-қатынастық дағдылар сияқты жеке қасиеттерді дамытады, нәтижесінде физика сабағында замануи технологияларды қолданылуы білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады және виртуальдық үлгілерді қолдану арқылы тәжірибелерді жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқытушылар оқу-тәрбие процесінде АҚТ пайдалану арқылы сабақыты қызықты, көрнекі және серпімді өткізе алатындығы көрсетілген. Мақалада Николай Коперник Университеті мен әл-Фараби Қазақ Ұлттық университет зерттеушілерінің Польша, Стшельно қаласындағы Albert Abraham Michelson және Квидшин каласындағы орта мектептерінде жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелері сипатталған.
Кілттік сөздер: оқыту, тәжірибе жасау, мектептегі оқыту, оқытудағы жаңа технологиялар, PASCO, заманауи оқыту технологиялары, Польшадағы оқыту жүйесі. Experiments in Electromagnetism Тұрақты магниттер
|
|||