Teaching Minds-On Experiments on Electromagnetism in Secondary Schools

Тұрақты магниттер
Темір ұнтақтары мен магниттер

Біз темір ұнтақтарын кішігірім қорапқа (дискке арналған контейнер) біркелкі орналастырамыз. Егер магнитті жақын орналастыратын болсақ, онда темір ұнтақтарының магнит қозғалысы бойынша қозғалатынын байқаймыз. Ал егер біз магнитті қораптың астына қоятын болсақ, онда темір ұнтақтары өзінің сипатына қарай тегістелінетінін көреміз (суретке қараңыз). Атап айтқанда, магниттер екі полюстің айналасында топтасады: мұнда кейбір ұнтақтар сәуле болып таралса, ал басқалары бетте жатады, кейбіреуі перпендикуляр немесе көлбеу жатады. Магнит болған кезде кеңістік басқаша қасиетке ие болады, яғни магнит өрісінің негізіне айналады. Ұнтақтардың орналасуы мен орын ауыстыруы осыларды сипаттайды. Егер ацетат қағазын (тегіс түссіз) қорапқа салатын болсақ, тереңірек түсінетін боламыз. Ал егер қораптың орны немесе бағытын өзгертетін болсақ, біз сол нәтижені қайта аламыз. Сондықтан да, бұл қалыпты жағдайда магниттің әсеріне тән қасиет болып табылады.
© University of Udine