Teaching Minds-On Experiments on Electromagnetism in Secondary Schools
Тұрақты магниттер
Хаотикалық магнитті маятник
Бұл ойыншықтың алаңы футбол ойынындағыдай әртүрлі алты жағдаятты сипаттайтындай алты аумаққа бөлінген, яғни: гол салу, пенальти (айыппұл соққысы), бұрыштама, ережені бұзу, допты лақтырып тастау және сыртқа шығару. Әр аумақтың астында магнит жасырылған, сондай-ақ допта да бір магнит бар. Доптың астындағы магнит полюсі мен алаңның жоғарғы бетіндегі магнит полюсі бірдей. Сондықтан доп кез келген аумақта тоқтаудан қашады.
Магниттің үстіндегі доптың қозғалысы хаотикалық болып келеді. Кейде доп бір аумақта тоқтайтындай болады және кенеттен басқа аумаққа тартылып кетеді. Теориялық түрде доптың қай жерде тоқтайтынын анықтау мүмкін емес. Доптың бастапқы орналасуының тіпті азғантай өзгерісі хаотикалық қозғалысқа тән ерекшелік болып табылатын басқа нәтижеге алып келуі мүмкін.
Магнитті маятниктің басқа нұсқасы. Оның қозғалысы көптеген факторларға байланысты, мысалы, үйкеліс күші (егер маятникті сұйықтыққа салсақ, онда ол күшеюі мүмкін), гравитациялық күш (егер маятниктің тігінен орналасуы өзгерсе, онда салыстырмалы бағытты өзгертеді), магниттердің тартылыс және тебіліс күштері (әртүрлі магниттердің күштері мен конфигурациялары да кішкене әртүрлі болады, сондықтан олар ешқашан нақты бірдей күшпен әсерлеспейді).