Teaching Minds-On Experiments on Electromagnetism in Secondary Schools Тұрақты магниттер Магниттік құрылым таяқшалары мен шарлар (көптеген тапсырмалар мен эксперименттер)
Магниттік таяқшалар – магнитте әрдайым екі полюстің болатындығын көрсетеді,
егер ұштарында бірдей полюсті болса бір-бірін тебеді, бірақ олардың ортасында
тот баспайтын болаттан жасалған шар болатын болса, онда олар бір-бірін тартады,
бұл әсер шарда магниттік домендердің қайта реттелуіне байланысты болады.
Әртүрлі полюс ортасына қойылған «қалыпты» магниттелген темір шар (жоғарғы фигура)
осьі ішкі магнит бағытына бағытталған екі полюсті (N-S) магнитке айналады.
Бірдей екі полюс ортасындағы шар (төменгі фигура) өзінің магнит полюсін
екі магнит тартылатындай етіп орналастырады.
Магниттің перпендикуляр осьі бойынша аумақта «жетіспейтін» полюсті табамыз.
Сіз бұл түрлі түсті таяқшалардан тамаша құрылымдар жасай аласыз,
бірақ кем дегенде екі магнит ортасына металл шар орналастыру қажет.
Егер олай жасамасаңыз, барлығы құлап қалады.
Енді ойлаңыз: магнит не бір-бірін тартады, не тебеді.
Егер таяқтың бір шеті басқа таяқшаны тартса, онда бірінші
таяқшаның екінші шеті екінші таяқшаны кері итеру керек. Бұл жағдай -
біз егер металл шарды полюстер арасына қоймаған кездегі орын алатын жағдай болып табылады.