Teaching Minds-On Experiments on Electromagnetism in Secondary Schools
Электромагнетизм
Электр тогының магниттік әсерлерін зерттеу
Біз ток жүретін түзу сымның жанына екі немесе оданда көп компасты қоямыз (астыңғы жағына, жоғарғы жағына, жанына). Компастың тілшесі: сымға қатысты ортогональ бағытта тоқтағанша бұрылады. Тілшенің бағыты сымның үстінде орналасқан компастың бағытына қатысты, сымның астында орналасқан компасқа қарама-қарсы болады. Егер біз өткізгіштегі токтың бағытын өзгертетін болсақ, сымның астындағы және үстіндегі компастардың тілшелерінің бағыттары өзгереді. Электр тогының магниттік әсері токтың бағыты бойынша перпендикуляр жазықтықта көрінеді. Ток тудыратын магнит өрісі сымның астында да, үстінде де таралады. Мұның бағыты токтың бағыты белгіленгенде белгіленеді.
© University of Udine