Teaching Minds-On Experiments on Electromagnetism in Secondary Schools

Электромагнетизм
Эрстед тәжірибесі – вертикаль версиясы (немесе Ампер тәжірибесі)

Біз электр тізбегінің бір бөлігі болатын - вертикаль түзу сымның айналасына төрт кішкентай магнит қоямыз (немесе бірнеше параллель сымдарды қойған тиімдірек). Қосқыш ашық күйде болғанда, барлық компас тілшелерінің солтүстік бағытта болғанын көреміз. (егер олар бір-біріне тым жақын орналасқан болса, бір-бірімен байланысып, тіпті сымда ток болмаған кезде де сақина тәрізді бейне жасай алады). Егер біз қосқышты жабатын болсақ, магнит тілшелері электр тогын тасымалдаушы сымның айналасы бойымен қозғалады. Бұл тәжірибеде біз электр тогы магниттік күштердің шығу көзі бола алатындығын және сызықтар шеңбер бола алатындығын көрсетеміз. Ампер тәжірибесінің бір бөлігі өріс кернеулігі сымға дейінгі қашықтыққа кері шама ретінде тұжырымдалады. Шеңбер симметрияда қолданылатын Ампер заңының жалпы формуласынан туындайды. Токтың бағытына сәйкес, егер екі өткізгіштегі токтың бағыты қарама-қарсы болатын болса, өріс нольге тең болады.